ПАРТИЯЛЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯЛДАМАЛАР САЛУДЫ ҰСЫНУДА
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы, белсенді партия мүшелері және жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларымен бірге тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында қаладағы автобустық аялдамалардың санитарлық жәй-күйін тексерді. Бұл туралы партияның ресми сайтында жазылған.
Рейд барысында белгілі болғандай жалпы қала көлемінде 801 үлкен және шағын автобустар қатынайды екен. Оның 112 жаңа, заманауи тұрғыда жасалған. Ал, жалпы қалада 113 аялдама бар. Олардың барлығы жарықтандырылған және оларда еліміздің тарихи мәдени құндылықтары мен зиялы қауым өкілдері жайлы ақпараттық стденділер қойылған.
«Қызылорда Тазалығы» ЖШС директоры орынбасары Гүлзинат Жұмабекованың айтуынша, ақпараттық материалдар 3-6 ай сайын ауыстырылып отырады.
Рейд барысында аялдамаларды кейде бұзақылар қиратыны анықталды.
- Егер қасақана жасалған болып жатса ішкі істер органдарына хабарласып шығынын зиян келтірген азаматтардан өндіреміз, ал табиғи ауа-райының қолайсыздығынан болған зияндар шығын өз тарапымыздан шешіледі»,-дейді ол.
Қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сакен Алдашбаев қызылорда қаласында жылы аялдамалар қоюды ұсынды.
- Бұл мәселе партия қабылдауына келген азаматтар тарапынан да бірнеше рет көтеріліп, тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданып, жауаптар да алынды. Алдағы уақытта кең көлемді, жылумен жабдықталған аялдамалар бой көтереді деген сенімдеміз, - деді Сакен Алдашбаев.
Жалпы рейд соңында комиссия мүшелері тарапынан жауапты мекеме басшыларына бірқатар ұсыныстар айтылды. Тұрғындар қауіпсіздігі бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатынын және партия бақылауында болатыны айтылды.