ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН
Қазалы аудандық прокуратурасымен жұмысшыларға еңбекақылары мен зейнетақы жарнасының төленуі қамтамасыз етілді, деп хабарлады Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Қазалы аудандық прокуратурасы «Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану» МКК-ның еңбек және зейнетақы алуға құқықтарының бұзылғандығын анықтады.
Атап айтқанда, кәсіпорынның 2016 жылдың шілде айында атқарылған жұмыстары үшін 65 қызметкерлеріне 10 726 300 теңге жалақысы (еңбек демалысы, өтемақыға тиесілі сомаларды қосқанда) және 2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін мекеменің 93 қызметкерлеріне 15 049 000 теңге мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген.
Аудандық прокуратура 24.08.2016ж. аталған кәсіпорынға жалақыларды төлеу туралы ұйғарым енгізді. Прокурорлық ықпал ету актісін қарау нәтижесінде жұмысшыларға еңбекақылары мен зейнетақы жарнасының төленуі қамтамасыз етілді. Мекеме басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.