ОБЛЫС ЖАСТАРЫНЫҢ КЕРУЕНІ АУДАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
"Тәуелсіздікке тарту" облыс жастарының керуені аудандарға жол тартты, деп хабарлады ресурстық орталықтың баспасөз қызметінен.
Кеше Жастар ресурстық орталығы алдынан жастар керуенін шығарып салу салтанаты өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, "Қызық орда" шығармашылық топ" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген керуен жұмысында жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, оқыту семинарлары, концерттік бағдарлама және қоғамдық қабылдаулар өткізілді.
"Тәуелсіздікке тарту" атты жастар керуені аясында кеше Арал аудандық мәдениет орталығында (бұрынғы Жыраулар үйі) Сыр өнерпаздарының мерекелік концерті өткізілді. Кешті "Қызық орда" шығармашылық топ" қоғамдық қорының директоры Ә.Басаров жүргізді. Концертті Сыр өнерпаздары мен жайдарманшылар жалғап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бүгін жастар керуені Қазалы ауданында өнер көрсетпек.