МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мемлекеттік рәміздерді білу байқауында сайысқа түсті.
Еліміздің басты құндылықтары - Елтаңба, Ту және Гимнің авторлары кім, олар қай жылдары қабылданды және мемлекеттік рәміздерге еңгізілген өзгерістер қандай? Осындай сауалдарға байқауға қатысушылар жарыса жауап беруге тырысты.
Сондай–ақ, оқушылар Тәуелсіздік тоғысында, яғни 1991 мен 2016 жылдар аралығында мемлекетімізде орын алған маңызды оқиғалар туралы мектеп фойесінде орналасқан арнайы плакаттарға түсіру керек болды. Бұл кезеңде 7 сынып оқушылары ерекше белсенділік танытып, жоғары көрсеткіштерге ие болды.
«Қатысушылар көп болды, және де әрқайсысы сайыста оза шауып, жақсы нәтижелерді көрсетуге тырысты. Біздің ойымызша, мұндай шаралар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде және де мемлекетіміздің мызғымас берік негіздегі - Ту, Елтаңба, Гимніне деген мақтаныш сеімдерін арттыруға үлкен септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушы, тарих пәнінің мұғалімі Ербол Бихаликов.
Уақыт шектеулігіне қарамастан байқау өте қызықты, әрі танымды өтті. Балалар мемлекеттік рәміздердің тарихын жақсы деңгейде білетіндерін көрсетті.