«МЕН ЕЛІММЕН МАҚТАНАМЫН!» ОНЛАЙН-АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында «Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы болып өтті, деп хабарлады облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.
Онлайн-акцияға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, мектеп оқушылары мен университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысты. Шара барысында кафедра меңгерушісі Нұрлыбек Мыңжас мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы сөз қозғады. «Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Гимн, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. Күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары – барлығы Елтаңбаны бейнелейтін нақыштар», - дей келе Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан этностардың рухани байлығының белгісі екендігін тілге тиек етті.
Ақцияға келген 50-ге жуық қатысушы көрме-залында орналасқан Тәуелсіздік белестерінен тарихи мағлұмат беретін экспонаттар және Елбасының өмір жолын бейнелейтін суреттермен танысты.
Айта кету керек, шарада өзге этнос өкілдерінің жетекшілері мен белсенділері елімізді, жерімізді, рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы деген пікір білдірді. Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз деп жастарға үлгі болатындай өнегелі әңгіме айтты.