ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢА ФОТОРАДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің ЖППР командирі полиция полковнигі Қайрат Әденов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг берді.
Брифинг барысында Қызылорда облысына жаңадан келген, көлік құралдарының кешенді қозғалыс жылдамдығын өлшейтін "КРИС-П» атты фоторадарларының жұмыс жүйесімен, ерекшелігімен таныстырып өтті, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
"КРИС-П" жылжымалы кешенді фоторадар – жылдамдық режимін бақылауға арналған жедел-техникалық құрал болып табылады. Жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін автоматты режимде фотофиксацияға алып, флеш-жинақтауыш көмегімен серверге, яғни деректерді өңдеу орталығына немесе Мобильді пост радиоарнаға жөнелтеді. Фоторадарлық датчик мемлекеттік тіркеу белгілерін автоматты түрде анықтап, оларды әртүрлі федералдық және өңірлік базаларға тексеру үшін жолдау мүмкіндіктеріне ие.
Жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын толықтырған аталған құрылғының жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде, ұрланған көлік құралдарын анықтауда, өзге қылмыстардың ізін суытпай ашуда маңызы зор.