ЕҚДБ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА 10 ЖОБА КЕЛІСІЛДІ
22 қараша күні сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабарти мырза Қызылорда қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын қаржыландыру, сондай-ақ, Қызылорда облысының электрмен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында Қызылорда қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы, «Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру» жобасын жүзеге асыру және «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды» тас жолын қайта жөндеуден өткізу мәселелері талқыланды.
Жалпы ЕҚДБ-мен ынтымақтастық аясында Қызылорда облысындағы жалпы сомасы 250 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба келісілді. Оның бесеуі, жолаушылар тасымалы жүйесін жаңғырту,облыс орталығындағы коммуналдық инфрақұрылымды кеңейту және автоматтандыруға бағытталған жобалар іске асырылуда, олар коммуналдық желілердің тозуын және жылу,электр энергиясы, судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған басқару жүйесінің көмегімен су және энергетикалық ресурстардың шығыны бақылауға алынады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 31 қазанында Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда қаласы әкімдігі, Европа қайта құру және даму банкі және «Қызылорда тазалығы» ЖШС арасында «Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу» жобасын іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Аталмыш жоба қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, топырақ, парниктік газ, жерасты және жерүсті суының ластануын азайтуға мүмкіндік береді. Болашақта биогаздан экологиялық таза электр және жылу энергиясын алу жоспарлануда.