ШАҒЫН НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДАҒЫ ҮЛЕСІН САТАДЫ
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014 жылы 8 шағын несие ұйымы жарғылық капиталындағы өз үлесін сатуды жоспарлады.
Бұл шешім «2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №429 қаулысын жүзеге асыру мақсатында қабылданған.
2014 жылы қордың 8 шағын несие ұйымындағы үлесі сатылу тиіс.
ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және жауапкершілігі қосымша серіктестіктері туралы» Заңына сәйкес, қатысушылардың біреуі өз үлесін немесе оның бөлшегін сататын болса, оны сатып алуда жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары үшінші тұлғалардан гөрі артықшылыққа ие болады.
2014 жылғы 8 қазанға Қор төрт шағын несие ұйымындағы өз үлесін сатты: «Түркістан-Агро» ШНҰ» ЖШС», «Аю-Тас-Қаржы» ШНҰ» ЖШС», «Алдияр-Несие» ШНҰ» ЖШС, «Қордай» ШНҰ» ЖШС. Басқа шағын несие ұйымдарына ЖШС туралы заңына сәйкес қордың үлесін сату туралы ескертулер жіберілді.
Бірқатар шағын несие ұйымдары соңғы жылдарда жағымсыз қаржылық көрсеткіштер көрсетіп жатқанын айта кету керек. Дегенмен, Директорлар Кеңесі бекіткен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын қаржы ұйымдарындағы өз үлесін сату Ережелеріне сәйкес, қордың үлесі шағын несие ұйымы жарғылық капиталына бастапқы инвестициядан кем емес бағада сатылады.
Шағын несие ұйымының жұмыс істеп жатқан құрылтайшылары өз артықшылық құқықтарын пайдалану туралы ниет білдірмесе, қордың үлесі ашық сауда-саттық арқылы сатылады.
Еске салайық, жекешелендірудің екінші ағыны шеңберінде жалпы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі бойынша 2014-2016 жылдары 32 кәсіпорынды бәскелестік ортаға беру жоспарлануда, соның ішінде 2016 жылы 12 кәсіпорын.Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының 4 кәсіпорнынан басқа «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның «КазГрейнФидерс» ЖШС жүзеге асырылған болатын.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі