ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Қазалы ауданында 1959-1976 жылдары Лақалы балық қабылдау пунктінің бастығы болған Сансызбай Жансүгіров 1975-1977 жылдары ауылдағы мектептің бөлмелерінің жетіспеушілігіне байланысты ауыл тұрғындарының басын қосып, асарлатып, қосымша екі оқу бөлмесін салдырып берген.
Міне, содан бері ауылдағы №93 орта мектептің балалары тозығы жеткен ескі мектепте оқып, білім ордасының тарлығынан көп қиындық көріп отыр.
Бізбен әңгімесінде №93 орта мектептің директоры Серікбол Сансызбаев былай деді:
– Жаңа үлгідегі еңселі мектепте оқу біздің көптен күткен арманымыз болатын. «Жыртық үйдің құдайы бар» дегендей, осы жылғы 25-қазаннан бастап Көпжан Бижанов басқарған «Жылу – ХХІ» серіктестігінің құрыш білек құрылысшылары мен механизаторлары уақытпен санаспай еңбек етіп, екі қабаттан тұратын жаңа мектеп ғимаратының іргетасын қалап жатыр. Бұл ретте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен аудан әкімі Нажмадин Шамұратовқа ауыл халқы атынан айтар алғысымыз шексіз. Жаңа мектеп алдағы жылғы қыркүйек айында өзінің алғашқы шәкірттеріне есігін айқара ашады деп жоспарланып отыр. Бұл да бізге Тәуелсіздіктің берген тартуы, – деді.