РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
23 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігі және шығысында тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23 м/с, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с болады. Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.