ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰЗ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АҚҚУЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Қызылордалық құтқарушылар мұз құрсауында қалған екі аққуды аман алып қалды, деп хабарлады «24 хабар». Бұл мезгілде жылы жақтағы мөлдір айдындарды мекендейтін текті құстардың қала маңындағы шағын көлге қайдан ұшып келгені белгісіз.
әлсіреп, қауырсынына мұз қатқан аққуларды алдымен қала тұрғындары байқап, төтенше жағдай қызметіне хабарлаған. Қазіргі таңда сұлулық нышанына баланған қанаттылар орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарының қарауында. Мамандардың айтуынша, аққулар артық салмақтары салдарынан ұшып кете алмаған. Олар қалыпқа келгеннен кейін бостандыққа жіберіледі немесе шымкент зообағына тапсырылады.
«Бірінші күні аққуларды ұстау қиындық туғызды. Бүгін сағат 09:00 шамасында орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, екеуін ұстадық. Біреуі ұшып кетті деп айтылды», - дейді «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.