АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ТОЛЫҚ ЖИНАЛДЫ
Биылғы жылы Жалағаш ауданы бойынша барлығы 33472 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнім толық жиналды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, ауданда 19384 гектар жерге күріш егіліп, бір гектардан 57,3 центнерден 108744 тонна өнім алынған. Егілген басқа да дақылдардан бидай, арпа, сұлы, мақсары дақылдары толық жиналды.
«Жалпы аудан аграрлық өңір болғандықтан ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдық берудеміз. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында қазіргі таңда 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 170 шаруа қожалығы және 22 фермерлік қожалық жұмыс істейді. Құрылған 25 өндірістік кооперативтер бар», - дейді Талғат Тұрсынұлы.
Айта кетейік, Жалағаш ауданы ҰБТ қорытындысымен екі жыл қатарынан облыс бойынша бірінші орында. Ауданның орташа көрсеткіші 89,8 балды құрайды. Осы жылы білім саласындағы бюджеті 3 млрд 898 млн теңгені құрайды. Орташа есеппен бір оқушыға 386 мың теңге жұмсалып отыр.
Фариза ОМАРОВА