«ҚЫС – 2016» КОМАНДАЛЫҚ – ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУЫ
Қармақшы ауданында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Әлімжан Марданов пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Болат Бисеновтер жетекшілік етті.
Іс-шараға 15 техникалық қызмет, атап айтар болсақ, өртке қарсы, медициналық, ақпарат, сауда және тамақтандыру, инженерлік, радиациядан және химиядан қорғау, энергетика, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік, жолдар мен көпірлер, техникалық, жанар-жағар май, гидрометеорологиялық қызметтері жұмылдырылып, төтенше жағдайдың алдын алуға дайын екендіктерін көрсетті.