БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ 25 ЖЫЛ
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты жалпы республикалық акциясы аясында Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде «Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл» тақырыбында кездесу болып өтті, деп хабарлайды ассамблеяның баспасөз қызметінен.
Облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен өткен шараға колледж директоры Марат Тобашов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ержан Уәйіс, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу аясында сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ержан Уәйіс «Татулықты ту етіп, берекені байрақ етіп көтерген ел іргесі бекем болған 25 жылда жеткен жетістігіміз толығып, табысымыз бен татулығымыз арта түсті. Иә, бірлік бар жерде береке, ынтымақтастық мығым жерде ырыс, татулығы жарасқан жерде табыс мол болмақ. Бүгінгі еліміздің керегесінің кеңдігі мен шаңырағының биіктігі әлбетте, керегеге байланып, шаңыраққа уық болып шаншылған әр этностың, барлығын ұйыстырып отырған қазақ халқының ұлылығының арқасы» - деді.
Қазақ гуманитарлық техникалық заң колледжінің директоры Марат Тобашов та жиылған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, «Біз – мемлекетіміздің болашағы мен бүгінгі күні үшін еңбек етеміз. Тәуелсіз Қазақстан – бұл жас мемлекеттің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырлы жетістіктері мен жаһандық табыстың бірегей тарихы»,– дей келе, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.