ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл дамуы – Қазақстанның дамуы» атты салтанатты жиын өтті. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланған.
Іс-шараның мақсаты ауданның ауылшаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан еңбек азаматтарын марапаттау. Салтанатты шараны ашқан Шиелі аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Сәрсенбаев озат еңбеккерлерді арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттап, сыйлықтар табыстады.
- Шиелі ауданында биыл 30 мыңға жуық гектар жерге егін егілді. Оның ішінде дәнді дақылдардың үлесі 12,6 мың гектар болса, жем-шөптік дақылдар 9,7 мың гектарды құрап отыр. Сонымен қатар, майлы және техникалық дақылдар 1224,9 гектарға егілген. Сырдың негізгі дақылы саналатын күріш 11 150 гектарға егілді. Қазір күріш алқаптары толық орылып бітіп, әр гектардан 59,2 центнерден өнім жиналды. Соның арқасында қамбамызға барлығы 66,008 тонна астық құйылды»,- деді әкімі.
Сонымен қатар, биыл ауданда диқан, ақ күріштің атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері болған Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аталып өтілді.