АСТАНАДА ҒАРЫШ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ
Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері-2016» халықаралық семинары басталды, деп жазады primeminister.kz.
Биыл еліміздің басты ғарыштық форумы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы және ҚР дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі мысалында заманауи ғарыш технологияларының практикалық тәжірибесіне және перспективаларына арналған.
Семинар қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Президенттің Қазақстанның ғарыш саласын құру бойынша қойған міндетінің маңыздылығын баса айтты.
«Өздеріңізге де мәлім, бір айдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа министрлік – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі адамзатытң барлық өмірлік салаларында терең ықпалдасып келе жатқан ғарыш қызметін дамыту болып табылады. Бұл үрдіс мемлекет алдына маңызды міндет қояды, ол – бір мезгілде ғарыш қызметінің бағыттарының толық кешенін және соңғы тұтынушыға бағытталған ғарыш қызметтерінің кең спектрін дамыту. Әлемдегі ғарыш технологияларын қолданудың маңызды бағыттарының бірі Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерін экономиканың түрлі салаларында пайдалану. Оған қоса, барлық деңгейлердегі мемлекеттік сектор ғарыш түсірілімдерінің негізгі сатып алушысы болып қалуда. Оларды ұсыну технологиясы да жетілдіріліп келеді», – деді министр.
Б. Атамқұлов сондай-ақ министрлік Қазақстанның ғарыш өнімдері мен қызметтерін сенімді жекізуші болып қалыптасуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілетінін айтты.
«Қазақстанның ауқымды аумағы мен ресурстарын есепке алғанда, аталған сегменттің маңызды стратегиялық маңызы бар. ЖҚЗ деректерін пайдалану Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттерін шешуде мультипликативті экономикалық әсер мен жеделдікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Азия мемлекеттерінде ғарыш қызметін қарқынды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Біздің республика Еуразиялық континент тоғысында тұр – осы елдердің ғарыш құрылымдарымен ынтымақтастықты дамытуда біз ортақ қызметтің коммуникативті алаңы бола алар едік. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның ғарыш өнімдері мен қызметтерінің сенімді жеткізушілерінің бірі болуы үшін бар күшін салады», - деді Б. Атамқұлов.
Министр қонақтарға Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылып жатқанын және ғарыш қызметі саласында ғылыми зерттеулер сәтті дамуда екенін айтты. Қазақстанға мұра ретінде өткізілген бірегей жобалардың бірі ретінде Б. Атамқұлов Байқоңырды атады. Бұл жүз мыңдаған құрылысшылар, инженерлер, әскери мамандар мен құрылымдаушылардың еңбегінің жемісі. Мемлекет басшысының тапсырмасында қазақстандықтарға бейбіт ғарышты дамыту мақсатында келешек буын үшін осы кешенді сақтап, әрі қарай дамытудың қажеттігі айтылған. Стратегиялық серіктес – Ресей Федерациясымен бірлесіп «Бәйтерек» ұлттық ғарыш ракета кешенін құру жұмыстары бастау алған.
Еске сала кетейік, «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинарына осы жолы 400-ден астам адам қатысуда – ғарыш саласының өнімдерін пайдаланушылар мен өндірушілер, әлемнің 20 елінің 50 шетелдік компанияларының мамандары бар.