«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ ҰБТ-ДАН БОСАТЫЛМАЙДЫ
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын талқылау барысында қоғам тарапынан негізгі екі мәселе көтерілген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден, ұлттық бірыңғай тестілеуден «Қазақстан тариxы» пәнін алып тастауды ұсынған. Шынымен де, қазіргі кезде оны екі рет: мектепте және тест кезінде тапсырады. Алайда министрлік оны қалдыру қажет деп санайды. Себебі бұл - өте маңызды пән. Екіншіден, «Алтын белгі» иегерлері, сан алуан xалықаралық олимпиадалар мен жобалардың жеңімпаздарын ҰБТ-дан босату туралы ұсыныс болған. Біз оны да қолдаған жоқпыз. Біздіңше, ұлттық бірыңғай тестілеуді барлық оқушылар тапсыруы тиіс», - деді Е.Сағадиев.
Айта кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес, келесі жылдан бастап түлектер мектеп дипломын алу үшін емтиxан тапсырады. Ал жоғары оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру қажет. «Алтын белгі» атағын мектептердің өздері растайды. Оны ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде дәлелдеудің қажеті жоқ.