ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮНДЕРІ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мерекелік іс-шаралар айлығы жарияланды. Бүгіннен бастап желтоқсанның 16-на дейін мектепте туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыратын, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелейтін 25 маңызды шара өткізілетін болады.
Алғашқы өткізілген шаралардың бірі аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуге бағытталды. Күнделікті көріп жүргендегіден өзгеше, бұл жолы мектеп фойесі нағыз сауда орнына айналды. Оқушылар өз қолдарымен әзірлеген тәттілерді қалтаға қонымды қаражатқа саудалады.
«Бүгінгі қайырымдылық аукцион барысында мектеп оқушылары түрлі тәттілер мен нан өнімдерін саудаға шығарды. Небәрі 1 сағат ішінде сатып алушылар сауда «сөрелерін» босатты», - деді 7 «С» сынып оқушысы Нұрай Өмірзақова.
Айта кетейік мұндай акциялар еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткізілуде. Қайырымдылық қорға түскен қаражатты оқушылар ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардың балаларына, дәлірек айтсақ «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне қатысушы оқушыларға көмек ретінде жұмсалады.
«Әрине оқушыларымыз мұнымен шектеліп қалмайтындарын айтады. Жақын арада қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін арттыратын және де Тәуелсіздік жылдарында еліміз жеткен жетістіктерді білуге арналған викторина, «Мәңгілік ел» әдеби- шығармашылық байқауы, «Үлкен Ел – үлкен отбасы» атты фотоэкспозиция, Қазақстан туралы «25 үздік әндер» және мемлекеттік рәміздерді білуге бағытталған түрлі байқау өткізілетін болады», - дейді мектеп директорының орынбасары Ләззат Абдраимова.