БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІГІ МЕН СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жаумайды. Тек солтүстік пен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде қар жауады. Көктайғақ болып, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет». Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын болады. Қарағанды облысында да желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Шығыс Қазақстан облынысың кей жерлерінде тұман түседі.