ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылордада қолданыстағы зияткерлік меншік туралы заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізу мақсатында қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлады «24 хабар» арнасы.
Жиында авторлық құқық, селекциялық жетістіктерді патенттеу туралы сұрақтар талқыланды. Мамандардың айтуынша, қарапайым халық тауар өндірушілердің өнімі түпнұсқа немесе жалған екенін ажырата алмайды. Ал зияткерлік меншік тауарлары мен заңсыз таңбаларды пайдаланушыларға қылмыстық жаза қатаң. «Соған қарамастан елімізде киім-кешек, ойыншықтар мен алкоголь өнімдерін қолдан жасаушылар азаяр емес», - дейді әділет органдарының қызметкерлері. Дүниежүзілік сауда ұйымы бәсекелестікті арттыру үшін зияткерлік меншік обьектілеріне патент берудің бір деңгейлі жүйесін іске қоспақ. Мамандардың айтуынша, бұл бастама еліміздегі жалған тауар өндірушілердің жолын кесуге мүмкіндік береді.
Айдын Артықова, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК басқарма басшысы:
- Лицензиялық шарттар мен өзгеге беру шарттарын тіркеу уақытын қысқарту, бұл белгілі бір әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жасалған. Оның тысында тауар таңбалауына келіп түскен өтініштерді тек қана тіркеуден кейін емес, түскен бойда жариялау болып табылады. Осындай жаңалықтар енгізіліп жатыр.
Самат Әбшекенов, Қазақстан заңгерлер одағы Қызылорда облыстық филиалының хатшысы:
- Бұл бизнеске өте қолайлы заң. Және де айта кететіні, көп жеңілдіктер бар. Осы заңның өзгерістері мен толықтыруына байланысты ҚР Азаматтық кодекске, салық кодексіне, әкімшілік кодексіне, басқа да толып жатқан заңдарға көп өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.