МҰРАТ ӘБЕНОВ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН ОҚУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
Осы жылдың шілде айында «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновтің Қызылорда қаласындағы индустриалды-техникалық колледжі жұмысымен танысуы барысында оқу орны ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының үстінен түскен болатын.
Міне енді «Атамекеннің» басшылығы облысқа жұмыс сапары барысында жаңарған оқу орнында болып, заманға сай жабдықталған ғимаратқа жоғары бағасын берді.
Айта кету керек, бүгінде Кәсіпкерлер палатасымен колледжді корпоративті басқару жобасы тиімді жүзеге асырылуда. Жобаның артықшылығы: біріншіден, мамандарды әзірлеуге бизнес-қоғамдастықты кеңінен тарту, екіншіден, кәсіби-техникалық сала мамандарын дайындауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды осы колледждерге бағыттау, үшіншіден техникалық және кәсіптік бағдар беретін оқу орындарында дуальдық білім беру жүйесінің принциптерін енгізуде.
Кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірге жобаны пилоттық режимде жүзеге асырған болатын. Ол үшін Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі, негізгі бағыты ретінде сервис пен қызмет көрсету саласы таңдалып алынды. Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін корпоративтік басқару үшін «Best Servise LTD», «РАИМ», «K-group» ЖШС-тері құрылтайшылары болып табылатын арнайы Сервис пен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылған.
Аталмыш колледжді қамқоршылығына алған Қауымдастық, атап айтқанда Қауымдастық құрылтайшысының бірі, Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Махамбетов оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін өз қаржысына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеткізген. Нәтижесінде облыстық бюджеттен 130 млн.теңге қаржы бөлініп, колледж толық күрделі жөндеуден өтті.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі