БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІС КЕРЕК
Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылдық округінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің төрағалығымен жергілікті жерде балық ресурстарының жағдайына бағытталған бас қосу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынның негізгі мақсаты қазіргі таңда балық аулауда браконьерлікке тыйым салу мен табиғат пайдаланушыларды теңіз бен көл жүйелерін тиімді, белгіленген ережеге сай игеруге бағыттау болатын.
Әр сала бойынша бірқатар ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Соның ішінде, жиынға қатысушылар Арал аудандық прокуратурасының бір ай моноторинг жүргізу нәтижесімен әзірленген «Браконьерлік балық аулауға қарсы іс-қимыл жобасын» қолдады. Бұл жобаның тиімді тұстары баршылық. Жоба негізінен балық ауланған сәттен бастап бірізді электронды жүйе арқылы есепке алыну керектігін көксейді.