«БОЛАШАҒЫМЫЗ БІРЛІКТЕ» ОБЛЫСТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгін «Мұз айдыны» кешенінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форумы өткізілді.
Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов өз саласында үздік атанып, ел үшін еңбек етуді парыз санайтын жалынды жастарды марапаттады.
"Кəсібінің үздігі" номинациясымен жас кəсіпкер Өркен Құрбанов, "Саламатты спортшы" номинациясымен - гандболдан Қазақстан Республикасының халықаралық дəрежедегі спорт шебері Виктория Колотинская, "Ұлағат" номинациясымен Қармақшы ауданы, ІІІ Интерноционал ауылындағы, 108 орта мектебінің мұғалімі Дильфура Байрахтарова, "Қажырлы қайрат " номинациясымен Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы, жергілікті полиция қызметінің инспекторы Нұрлыбек Нұртайұлы, "Жігерлі жас"номинациясымен "Нұр Отан" партиямының "Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының басшысы- Талғат Тілесов , "Патриот" номинациясымен - Корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары Вилюрий Шин,
"Қоғамға қызмет" аталымы бойынша - Ауған соғысының ардагері Əлібек Жаров, "Бейбіт күннің батыры" номинациясымен 5547 əскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының бөлімше сарбазы Азамат Беркебаев, "Үміт пен сенім" номинациясымен облыстық медицина орталығының невропотолог дəрігері - Мараш Жүсіпбекова, "Шығармашылық жеңіс" номинациясымен Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының əртісі - Арай Көшімбаевтар марапатталды.
Атап айту керек, шара аясында патриоттық форумының үндеуі қабылданған болатын.
Форумға барлығы 2000-ға жуық Тәуелсіздік жылдарында аймағымыздың дамуына атсалысқан әр түрлі саланың үздіктері мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.