ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19 қарашада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы және Сырдария аудандарында жұмыс сапарымен болып, диқандарды Ауылшаруашылығы күнімен және кезекті рекордтық өнім алуларымен құттықтады.
Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылында қазан айынан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бади Нұр» ЖШС балабақшасы жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі білім беру орнында 80 нен астам тәрбиеленуші бар. Орыс және қазақ тілін оқытатын 5 топ ашылған. Аймақ басшысы балабақша ұжымының жұмысына табыс тілеп, сыйлыққа теледидар мен ойыншықтар табыстады.

Осы ауылда «Алтын дән» мерекесі аталып өтілді. «Достық Жер» ЖШС биыл әр гектардан 55 центнерден күріш өнімін жинады. Аймақ басшысы диқандарды егін жинау науқанын табысты аяқтауларымен құттықтады.
- Аймақ егін жинау науқанын өте жақсы нәтижелермен аяқтауда. Биыл аймақ диқандары гектарынан 54,9 центнерден күріш жинап, 4400 тоннаға жуық өнім алды. Мемлекет басшысы сыр бойылық күрішшілерге арнайы жеделхат жолдап, тәуелсіздік жылдары ішіндегі рекордтық көрсеткіші үшін алғысын білдірді. Ал Қармақшы ауданының диқандары орта есеппен гектарынан 58,3 центнерден өнім алды,- деді облыс әкімі. Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев серіктестіктің жоғары нәтижеге қол жеткізген екі еңбеккеріне жеңіл автокөліктің кілтін табыстады. Сондай-ақ компаниядағы бірқатар жұмысшы инвесторлардың бағалы сыйлықтарына ие болды.
Егін жинау науқанын Сырдария ауданының «Қызыл дихан» ЖШС де атап өтті. Мұнда «сыр маржаны» өнімі орта есеппен гектарына 56,7 центнерден келді. Аймақ басшысы еңбегімен ерекшеленген алты диқанға жеңіл автокөліктің кілтін табыстап, құттықтауын жеткізді.