ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерекесіне орай "Тәуелсіздік - ел тірегі!"атты тақырыпта сурет салу байқауы өтті. Байқау Қазалы ауадны, Әйтеке би кентіндегі № 266 мектеп-лицейінің 6-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты - оқушыларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, және ортақ құндылықтарға, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу.
Аталған шараны "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Қасқырбек Мәмбетжан ашып, оқушыларды ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.
- Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстап, еліміздің осынау 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін ары қарай еселендіру, қазақ елін әлемге таныту үшін жақсы білім алып, сол білімдеріңді ел болашағына жұмысау жас ұрпаққа парыз, - деді Қасқырбек Мәмбетжан.
Шара аясында балалар өз өнерлерін ортаға салып, Бәйтеректің, Ашық аспанмен қалықтап ұшқан қыранның, бас қаламыз Астананың суреттерін салды. Оқушылар Тәуелсіз еліміздің әлем таныған бейнесін мақтан тұтатынын, отаншылдық пен патриотизм сезімдерін әрбір суреттері арқылы ашып көрсете білді.
- Қылқалам арқылы қағазға Тәуелсіз елімнің көзтартар бейнесін және оған деген сүйіспеншілігімді осы суретіммен білдірдім. Мен өз еліммен мақтанам, - дедід Байқау барысында мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Жандәулет Бағдаулет.
Байқаудың нәтижесі бойынша балалардың еңбектері еленіп, жеңімпаздар аудандық партия филиалының арнайы Диплом және Алғыс хаттарымен марапатталды. Байқау қызықты өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, суретте өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген махаббаттарын білдірді.