ҚР СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ СЪЕЗІ ӨТУДЕ
Бүгін, 2016 жылдың 21 қараша күні, Астана қаласында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы қатысты.
Съезде ҚР Судьялар одағының жұмысы туралы есебі тыңдалып, Судьялардың әдеп Кодексі мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының органдары сайланды.
Қызылорда облысы бойынша сот қауымдастығы атынан съезге 7 делегат қатысып отыр. Олар: Қайырбеков Н. – Қызылорда облыстық сотының төрағасы; Сариев Б. – отставкадағы судья; Дауренбеков А. - Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы; Каниева К. – Қызылорда облыстық сотының судьясы; Бабатов А. – Қызылорда қалалық сотының төрағасы; Сабыров А. – Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы; Шамшиев Р. – Қызылорда облысы бойныша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.
Съезде сот жүйесіндегі маңызды мәселелер қаралып, жаңа Әдеп кодексі қабылданды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі