«МЕЙІРІМДІ ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Елімізде жыл сайын бала туу көрсеткіші оң сипатқа ие болып келеді. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елімізде 308 297 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қазақстанда 5 460 449 бала бар. 2016 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 308 297 бала дүниеге келген. Оларға тиісті көңіл бөлінуі керек», - деді депутат.
Сонымен қатар, Зағипа Балиева алдағы уақытта балаларға арналған халықаралық конференция өтетінін атап өтті. Онда қоғамда шешімін таппаған мәселелер талқыланатын болады.
«21-22 қараша күндері елімізде балаларға арналған «Мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясы өтеді. Онда өзекті мәселелер талқыға салынады. Қазір 12 тақырыпты жарияладық. Әлемнің 35 елінен жиналатын сарапшылар осы мәселелер жөнінде өз ойларын ортаға салады», - деді халық қалаулысы.
Бала құқықтары жөніндегі Комитеттің ресми сайтында хабарлағандай, үстіміздегі жылдың 21-22 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» атты халықаралық конференция өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді.
Халықаралық конференцияның мақсаты - әлемдік стандарттарға сәйкес балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша халықаралық, ұлттық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру және конструктивті диалог құруды іске асыру үшін тұғырнаманы жетілдіру және одан әрі дамыту.
Конференция жұмысына балалардың құқықтарын қорғау саласында оң жетістіктерге жеткен және үздік іс-тәжірибелерімен бөлісуге дайын алыс және жақын шетелдердегі балалар омбудсмендері, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген балалар қатысады деп күтілуде (шамамен 1000 адам).
Халықаралық конференция балалардың мүддесі мен құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ барлық мүдделі мемлекеттік органдардың республикамыздағы балалардың құқықтарын қорғау саласында жүзеге асырған жоспарлы жұмыстарының қорытындысы болып табылады.
Конференцияда балалардың құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі аспектілерді қамтитын 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін тақырыптық алаңдардың жұмысына басымдық беріледі. Алаңдардың басты міндеті – 2015 жылғы 4-ші елдер баяндамасының қорытындысы бойынша балалардың құқығы жөніндегі БҰҰ Комитетінің 70-сессиясындағы ұсынымдарды практикалық іске асыру бойынша шаралар әзірлеу болып табылады. Конференция аясында Астана қаласындағы Оқушылар сарайының базасында республикалық балалар Форум-фестивальін өткізу жоспарланған.
Форум-фестивальде негізгі үш бағытта ұжымдық және жекелеген шығармашылық жұмыстар ұсынылатын болады: «Таңшолпан» - музыка және көркем шығармашылық, «Балалар бастауы» - жобалық жұмыс (оның ішінде EXPO-2017 қатысушы балалар), «Жас өркен» - балалар мен жастар көшбасшылығы.
Балалар ғылым қалашығындағы мастер-кластарға, технопарк, медиаорталық, пікір алмасу алаңдарына қатысады, планетарий, музыкалық сауаттылық бойынша интерактивті сабақтар, судомоделдеу, робототехника, 3D-моделдеу және т.б. барады.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша балалардың ұсыныстары ескеріле отырып, ұсынымдар әзірленетін болады.