ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбі күні күн ашық болады. Тек елдің оңтүстігінде ғана тұрақсыз ауа райы сақталып, қар жауады, кей жерлерге қар қалың түседі. Көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасындатады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» мемкемесінің мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші 15-23 метр/секундқа жетеді. Кей жерлерде 23/28 тіпті 30 метр/секундқа дейін жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 метр/секундқа дейін күшейеді. . Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.