ОБЛЫС ЖАСТАРЫНЫҢ V ФОРУМЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында «Достық КZ» V дәстүрлі облыстық жастар форумы болып өтті.
Шара барысында форум делегаттарын «Ғарыш сапары» ғимаратында тіркеп, секциялық жұмыстар жүргізілді. Шарада «Екі елдің ынтымағы жастар көзімен», «БАҚ пен әлеуметтік желілерде жұмыс жасау механизімі» және «Жастар және дін» тақырыптары бойынша жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жастардың қазіргі таңдағы жұмыссыз, «ЭКСПО»-2017, Байқоңыр қаласы жастарынан, жастар парламентін құру, әлеуметтік жобалар, әлеуметтік желіні қолдану әдістері мен маңыздылығы және т.б өзекті мәселелер қозғалды. 17 нен 18 не қараған түні жастар зымыранын ұшырылуын тамашалады.