ЕҚДБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРАҚТЫ ӘРІПТЕСТІКТІ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
17-18 қараша күндері өткен «Байқоңыр-Инвест» инвестициялық форумы аясында Қызылорда облысына Қазақстандағы Еуропа қайту құру және даму банкі директоры Джанет Хэкман бастаған ЕҚДБ делегациясы іс-сапармен келді.
ЕҚДБ басшылығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру аясындағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді (теңгемен 10 жылдан аса мерзімге қаржыландыру) инструменттері туралы түсіндірді.
Форумның пленарлық отырысында сөз алған Хэкман ханым Қызылорда облысы экономикасының қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
- Қызылордаға келген сайын жаңа нәрселерге куә боламын. Мысалы, жазда жағалаудағы әдемі әрі жаңа нысандарды көрдім. Осы жолы да форумға қатысушылар көрікті және инвестицияға қолайлы аймақпен танысады деген ойдамын,- деді ЕҚДБ директоры.
Жалпы Қызылорда облысы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық аясында жалпы сомасы 250 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба бойынша келісім бар. Оның ішінде, 4 жоба - жолаушыларды тасымалдау жүйесін жаңарту, облыс орталығының коммуналдық инфрақұрылымын кеңейту және автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту өз кезегінде су, жылу және электр энергияларын үнемдеуге және коммуникация жүйелерінің тозу қаупін төмендетуге әсер етеді. Автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы су және энергетика ресурстарының шығынын бақылауға болады.
Бұдан бөлек, биыл 31 қазанда Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда қаласы әкімдігі, ЕҚДБ және «Қызылорда тазалығы» ЖШС арасында «Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу» жобасы бойынша келісімге қол қойылды.
Бұл жобаны іске асыру қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және жер қыртысының, жер беті мен жер асты суының ластануы, парниктік газ шығындарының азаюына әсер етеді, жалпы алғанда Қызылорда қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта жоба бойынша биогаздан экологиялық таза электр және жылу энергиясын өндіру жоспарлануда.
Келешекте ЕҚДБ бірлесе облыс және аудан орталықтарындағы («Қызылорда қаласындағы жылуэлектр орталығын» жаңарту, «Әйтеке би кентінде қуаттылығы 35 МВт дейінгі газтурбина жылуэлектрстанциясының құрылысы») жылуэлектр жүйелерін кеңейту және жаңарту жобаларын іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы», «Қызылорда қаласы көшелерін жарықтандыру», «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды» тас жолын жөндеу жобалары пысықталуда.