ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғанибек Омаровтың қатысуымен брифинг өтті.
Бөлім тарапынан жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай берудің үш мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 9728 анықтама берілген.
Сонымен бірге, «Сәулет жоспарлау тапсырмасы», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», Тіреу және қоршау конструкцияларын реконструкциялауға, «Эскизді келісуден өткізу» сынды 4 мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша 741 өтініш қабылданды, - дейді Ғанибек Маратұлы.