АРАЛДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай «Аралым деп күллі әлемге мақтанам» атты аудандық ақындардың дүбірлі сайысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аралдық дарындардың басын қосқан айтыс «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.
Айтысқа қатысуға ниет білдірген сегіз ақын өзара жұптасып, айдынды Аралдың жетістіктерін жарыса жырлады.
Әділ қазылардың әділ ұйғарымымен бас жүлдені Райым ауылынан келген талантты Алмат Қойбағаров қанжығасына байлады. І орын, бұған дейін талай додаларда жүлделі орындарға ие болған Шөмішкөл ауылының 10-сынып оқушысы Бексұлтан Орынбасаров бұйырса, ІІ орынды жас ақын Тоқабай елді мекенінің 9-сынып оқушысы Алдоңғар Қалқаманов иемденді. Ал, ІІІ орынға Арал қаласының ақыны Ержанов Жасұлан табан тіреді. Қатысушылардың барлығына да арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.