ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРҒЫ БАҒА БЕРДІ
АҚШ-тың Трансплантация және донорды үйлестіру ұлттық орталығы ақпараттық бөлімінің директоры Маргарет Роджерстің ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен кездесуі барысында Қазақстандағы трансплантологияның дамуына жоғары баға берді, деп жазады mzsr.gov.kz.
Ол қысқа уақыт ішінде Қазақстанда әлемдегі стандарттарға сай ағзаларды алмастыру бойынша оталарды жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық көмектің түрлері енгізілгенін, сонымен қатар трансплантациялық үйлестіру жүйесі құрылғанын атап өтті.
Сонымен бірге Маргарет Роджерс «ағза пациенттің соңынан ереді» принципі бойынша орган алмастыруға мұқтаж адамдар арасында донорлық ағзаларды бөлу жүйесін құруды ұсынды.
Өз кезегінде Тамара Дүйсенова АҚШ-тан келген сарапшыға Қазақстанда донорлар және ағзаларды алмастыруды күтіп отырған тұлғалардың бірыңғай регистрі енгізілетінін хабарлады.
Кездесу сонында ҚР ДСӘДМ басшысы Маргарет Роджерсті пациенттер оңалтудан өтетін процестің барлық қатысушыларымен (донорлық стационарлар, трансплантациялық орталықтар және медициналық ұйымдар) ағзаларды трансплантациялау қызметтерін төлеу туралы АҚШ-тың тәжірибесімен бөлісуді сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жыл мен 2016 жылғы қазан айының аралығында Қазақстанда туыстық және қайтыс болғаннан кейінгі донорлар арқылы 1011 ағзаны транспланттау жасалды. Оның ішінде бүйрек – 793, бауыр – 170, жүрек – 41, өкпе – 5, ұйқы безі – 2. Сонымен бірге, балалардың гемопоэтикалық бағаналық жасушаларын 41 транспланттау отасы жасалды.