«БАЙҚОҢЫР ИНВЕСТ» ФОРУМЫНА 11 ЕЛДЕН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.
- Біз бүгінгі форумда Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінен арнайы өкілдер, Өзбекстаннан ресми делегациялар келгендігін қуанышпен хабарлаймыз. Сондай-ақ залда Ұлыбритания, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытай халықаралық қаржы институттары мен бизнес өкілдері, дипломаттар қатысып отыр. Бұдан бөлек, форумға Қашаған кен орнын игеру жобасының негізгі операторы – «NCOC» компаниясының делегациясы қатысуда. Жалпы форумға 11 елден өкілдер келді. Бұл – инвесторлардың Қызылорда облысындағы жобаларға қызығушылық танытып отырғандығының белгісі,- деді облыс әкімі.