«СІЗДІҢ ЖОЛАУШЫҢЫЗ – БАЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
2005 жылдың 25 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Бүкіләлемдік еске алу күні болып бекітілген болатын. Аталмыш күн аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен қараша айының 14-20 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.
Акция аясында қараша айының 16 күні Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ата-аналар мен әдіскерлерге, көлік жүргізушілеріне арнап «Сіздің жолаушыңыз – бала!» насихат акциясын өткізді. Аталған шараның басты мақсаты – балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғысын пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақатының алдын алу, жолын кесу болып табылады, делінген Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.