АЙДАРБЕК БАТЫРДЫҢ САУЫТЫ АСТАНАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
Бұл туралы ҚР Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи мұражайы хабарлады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында табылған құнды жәдігер батыр ұрпақтары тарапынан Мұражайға тапсырылғаны белгілі болды.
Батыр бабамыздың ұрпақтарымен алдын ала болған келісім бойынша 13 қарашада мұражай қызметкерлері Арал қаласына барып 5 ғасырға таяу уақыт сақталып келген «Айдарбек батырдың ақ сауытын» қабылдап алды. Мұражай директоры Перизат Ақселеуқызы бастаған делегация құрамында Бейсен Ахметұлы мен Мәншүк Мәметова және Арал қаласында орналасқан әскери гарнизонның басшылары болды.
Енді ары қарай зерттеуші ғалымдардың ғылыми тұжырымдамасынан кейін, 2016 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтой құрметіне, мұражайдың ашылғанына бір жыл толуына орай өтетін «ҰЛЫ ДАЛА: ӘСКЕРИ ТАРИХЫ» атты ғылыми-әдістемелік конференция аясында халықтың назарына ұсынылмақ.