ЕҢБЕКШІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылордада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Сенің еңбегін, сенің ертеңің» атты облыстық жастар балы өтті. Онда облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының аймақтарды көгалдандыру мен тазалығын сақтауға үлкен үлес қосып жүрген сарбаздар және студенттік құрылыс жасағының үздіктері марапатталды.
Елбасының 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында бастау алған «Жасыл ел» бастамасы жастар арасында қолдау тауып, жастардың маусымдық кезеңде еңбекпен қамтылуына зор септігін тигізді.
Биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен құрылыс нысандарына 516 жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі берілді. Осы негізде 300-ден астам жас еңбек майданына жолдама алды
Салтанатты кешке облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, аймақтарды көгалдандыру мен тазалығын сақтауға үлкен үлес қосқан еңбекші жастарға алғысын білдірді.