VІІІ «БАЙҚОҢЫР ИНВЕСТ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
Қызылорда облысының әкімдігі 2016 жылдың 17-18 қараша күндері Қызылорда және Байқоңыр қалаларында кезекті VІІІ «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық форумын өткізеді.
Дәстүрге айналған «Байқоңыр Инвест» форумы инвестициялаудың маңызды мәселелерін талқылау және шешу жолдарын қарастыратын, ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сындарлы диалог алаңына айналды.
Форумның басты мақсаты- шетелдік және отандық инвесторлар мен өңірлік компаниялар арасында өзара серіктестік орнату, сонымен қатар өзекті экономикалық идеяларды дамыту арқылы экономиканы модернизациялау және түбегейлі инвестициялық жобаларға ықпал ету үшін бизнес, ғылым, билік өкілдерін біріктіру.
Форумға еліміздің барлық аймақтарының және шет мемлекеттердің бизнес-қоғамдары, банк секторы, мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және Иран, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ, Қытайдың дипломатиялық өкілдері қатысады деп күтілуде.
Атап өту қажет, форумға Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінің дипломатиялық корпус өкілдері, және Өзбекстанның ресми делегациясы алғаш рет қатысады.
Форумның негізгі пленарлық отырысы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне арналмақ. Бұдан бөлек 3 секциялық отырыс өткізіледі. Онда «инвесторларға арналған жаңа перспективалар», «ауыл шаруашылығы өндірісінің кооперациясы», «B2B форматында халықаралық ынтымақтастық» мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, форум аясында бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарланған.Олар:
1. Қызылорда облысы әкімдігі мен Иран Ислам Республикасы Гулистан провинциясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
2. Қызылорда облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Иран Ислам Республикасы Гулистан провинциясы «Сауда өнеркәсіп және ауылшаруашылық палатасы» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
3. Қызылорда облысы әкімдігі мен «IIP B&B» Халықаралық инвестициялық платформа» арасында инвестиция тарту бойынша өзара ынтымақтастық меморандумы;
4. Қызылорда облысы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум.
Форум қатысушылары үшін дәстүрге айналған шаралар бұл жолы да ұйымдастырылатын болады. Делегаттар Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш айлағымен танысып, «Союз МС-03» зымыранының ұшырылу сәтін тамашалауға мүмкіндік алады.