ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді.
Биыл мектеп бітіруші түлектер мектепте бес пәннен емтихан тапсырады. Олар: Ана тілінен жазбаша емтихан, алгебра және анализ бастамалыры, Қазақстан тарихынан, орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен, қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілінен тестілеу және таңдау пәнінен. Бұл 29-мамыр 5-маусым аралығында жүргізіледі. Одан кейін жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырмақ.
«ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады. 2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ 5 пән бойынша, оның 3-і мідетті және талапкердің жоғарғы оқу орнына тапсыру мүмкіндігіне байланысты екінші бейіні бойынша қарастырылған. Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады», - дейді Бақытжан Әбдіхалықұлы.
Айта кетейік, 2016-2017 оқу жылын облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептерді 6229 түлек аяқтайды.
Фариза ОМАРОВА