ТЕҢГЕ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге 1993 жылдың 2 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығымен қолданысқа енген.
Биылғы мереке еліміздің қаржы органдарының құрылғанына 95 жыл толуымен ерекешеленіп отыр. Теңге тарихына шолу мен Сыр өңірі қаржыгерлерінің жетістігі туралы баяндама жасалды. Департамент басшысы Серік Мұстафаев ұжым мүшелерін қаржыгерлер мерекесімен құттықтады.
Мерекеге орай бірнеше қызметкерлердің елеулі еңбегі аталып өтті. Облыс әкімі орынбасарының Алғысымен Майра Садықова, Ерболат Балтабаев марапатталды. Облыстық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының арнаулы Алғыстарымен Сәрсенкүл Абдуманова, Айгүл Лақбаева, Шолпан Сыдықова және Қасым Ысқақовтар еңбегі аталып өтті.
Департамент басшысының Алғысына Экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы Нұрбол Әлкебайұлы ие болды.
Салтанат соңы қызметкерлердің концертіне ұласты. Қаржы саласының мамандары бір мезетте әншілер мен күйшілерге, мәнерлеп өлең оқушыларға айналып, өз өнерлерін ортаға салды.
Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы