ҰБО «СОЮЗ МС-03» КЕМЕСІНІҢ ҰШЫРЫЛЫМҒА ДАЯРЛЫҒЫН БАЯНДАДЫ
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-03» көліктік басқарылатын кемесінің (КБК) ұшырылымына үш тәуліктен аз уақыт қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ұшуларды басқару орталығының (ҰБО) мәліметінше, «Союз МС-03» КБК-ні жермаңы орбитасына шығаруға дайындық бойынша және оны кейін Халықаралық ғарыш стансасымен (ХҒС) түйістіруге жоспарлы жұмыстар аяқталды.
«Союз МС-03»-тің ұшырылымы 2016 жылғы 18 қарашада Астана уақыты бойынша 02 сағат 20 минутқа жоспарланып отыр.
«Союз МС-03» кемесі экипажының құрамында - МКС-50/51 негізгі экспедициясының мүшелері: Роскосмос ғарышкері Олег Новицкий, ЕSА астронавты Том Песк және NASA астронавты Пегги Уитсон бар.
Станса кемесінің есептік жанасу уақыты - 2016 жылғы 20 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 01:01:46-ға белгіленген, деп атап көрсетеді баспасөз қызметінен. Халықаралық ғарыш стансасының бортында өз әріптестерін күтіп алуға бортинженерлер, ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков және Андрей Борисенко, сондай-ақ американдық астронавт, станса командирі Роберт Шейн Кимброу дайындалуда.