ОБЛЫС БАСШЫСЫ БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс әкімінің грант иегерлері - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің студенттерімен кездесті.
Аймақ басшысы еліміздегі және шет елдердегі жоғарғы оқу орындарына жалпы саны 300-ге жуық грант бөлінсе оның 140 гранты 18 мамандық бойынша Қорқыт ата атындағы ҚМУ-не берілгендігін атап өтті. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 158,2 млн теңге бөлінген. Грант ең алдымен көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары мен дарынды студенттерге беріледі. Қазіргі таңда білім алып жатқан 216 студенттің 74-і техникалық мамандықтарда, 83-і ауылшаруашылық мамандықтарында, 28-і қызмет көрсету мамандықтарында, қалған 31 грант иегері өнер және шығармашылық мамандықтары бойынша білім алуда.
Бұл грант иегерлерінің бәрi аймақтың металлургиялық саласының дамуы үшiн кадрлық негiзде дайындық шеңберiнде бiлiм алады, өйткенi аймақтың экономикалық өсуі үшiн металлургия және электр энергетикасының төңiрегiдегi кластердiң дамуы өте маңызды – деді Қырымбек Елеуұлы. Студенттерге көкейлеріндегі жүрген сұрақтарына жауап алулары үшін мол мүмкіндік болды.
Кездесу соңында облыс әкімі студенттерге оқуларын ойдағыдай бітіріп, туған жердің игілігі үшін қажетті мамандықтарды игеріп, еңбек етулеріне тілегін білдірді.
Фариза ОМАРОВА