БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰРАҚСЫЗ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын болады, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-22 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.