ҚАЗАҚСТАНДА ШЫЛЫМ ШЕГУДЕН БАС ТАРТУ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ
2016 жылғы 14 және 23 қараша аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде Шылым шегуден бас тарту халықаралық күніне арналған онкүндік өтеді. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-нің ресми сайтында жазылған.
Оның мақсаты – халықтың темекі бұйымдарының ағзаға әсері туралы хабардарлығын арттыру, шылым шегудің таратылуын азайту, дәрігерлер мен тұрғындардың шылым тәуелділігіне қарсы күрес белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Онкүндік шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (бұдан әрі - МСАҚ) медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, психологтар үшін халыққа профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша семинар – тренингтер өткізу; темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетін тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында МСАҚ, темекіге қарсы орталықтар/кабинеттер және жастар денсаулық орталықтары мамадарының кеңестерін ұйымдастыру жоспарлануда. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатерін алдын алу бойынша жұмыс жандандырылады.
Шылым шегу белсенді, сондай-ақ пассивті темекі тартушылардың денсаулығына зиян келтіреді. Темекі түтіні жүрек қан тамырлары және респираторлық, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруына, өкпе обырына және т.б. ауруларға әкеліп соғады. Емшек еметін нәрестелерді аяқ астынан өлім-жітімге әкелуі ықтимал. Темекі түтінінен жүкті әйелдер салмағы аз сәби босанады.
2006 жылы Қазақстан шылым шегудің таратылу деңгейін төмендету және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған ДДҰ Негіздемелік конвенциясын ратификациялады.
Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні 1977 жылдан бері қараша айының үшінші бейсенбісінде ДДҰ-ның қолдауымен Америкалық онкологиялық қоғамының ұсынысымен өткізілетінін естеріңізге саламыз.