ЖАС МАМАНДАР БАС ҚОСТЫ
Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентінде «Жас мамандарға мемлекеттік қолдау көрсету» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Шараның ұйымдастырушылары Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер сондай-ақ, облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының бас маманы Темірлан Әсемхан және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Мөлдір Қазыбекова қатысып, баяндама жасады.
Жас мамандардың арасында кеңінен танымал «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығы белгілі. Аталған бағдарлама бойынша дәрігерлер, мұғалімдер, мал дәрігерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, спорт және тағы басқа да мамандықтар бойынша жастар ауылға барып қызмет атқарып келеді. Мұның барлығы мелекеттің жастарға қолдауы деп білеміз.
Жиынға қатысқан баяндамашылар жастарды қолдауда қабылданған мемлекеттік бағдарламалар арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жас мамандардың қызығушылығын тудырған сұрақтарына жауап берді.