15 ҚАРАШАДА ҚАР ЖАУЫП, БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік өңірлерде де қар түседі, тек республиканың солтүстігінде күн ашық. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-22 м/с.-қа жетеді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Алматы облысында кей жерлерде жел екпіні -17-22 м/с, тұман түсуі ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с. -қа жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында - кей жерлерде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейеді, жылдамдығы -15-20 м/с. Ақтөбе, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде - бұрқасын, жел екпіні - 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде аздап бұрқасын болады, тұман. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде бұрқасын, жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді. Қызылорда облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді, күндіз -тұман, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде -бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні -15-20 м/с. Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.