ЖАСТАР АКЦИЯСЫ СЫР ЕЛІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Қызылорда қаласында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық жастар акциясы өтті, деп хабарлады облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының көшбасшысы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Максим Споткай, аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымының жетекшілері мен студенттер қатысты.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтау сөз сөйледі. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ұғындырған акцияда елге сүбелі үлес қосқан жастардың еңбегі де тілге тиек етілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының көшбасшысы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Максим Споткай халықтың тату-тәтті тіршілігі егемендіктің арқасы екенін атап өтті. Тәуелсіздігімізді баянды етуде Елбасының қажырлы еңбегі ерекше деп айта келе, Қазақстандағы барлық халықтың бір мақсат, бір мүддеге ұйысатындығын сөзіне арқау етті.
Акция аясында Елбасына облыс жастары атынан дайындалған үндеу оқылды. «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы келесі кезекте Атырау облысында өтетіндіктен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» – «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын Сыр елінің мақтанышы, II-ші жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, қазақ жастары арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Атырау облысының өкіліне салтанатты түрде табыс етті. Еліміздің барлық аймақтарында өтетін акция 28 қарашада Астанада қорытындыланып, мәресіне жетпек.