ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
ҚР Ішкі істер министрлігі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының басшысы полиция полковнигі Р.Бекішева және «Подруги» дағдарыс орталығының директоры Н.Гладырь Қызылорда облысына жұмыс сапармен келді. Сапар барысында жергілікті полиция қызметінің және прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары қызметкерлеріне арнап «Отбасындағы тыныштық–зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында қорытындылау конференциясын өткізді.
Аталған шараны Қызылорда облыстық әкімшілік жанындағы әйелдер ісі отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының хатшысы Б.Үмбетова ашып, қатысушыларға іс-шараның маңыздылығын және облыс көлемінде аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысын, өзекті мәселелер жайын баяндады. Сонымен қатар, шара барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптарының жүзеге асырылу тетіктерін жетілдіру» тақырыбында видеороликтер көрсетіп, теориялық қырлары мен құқықтық қолдану тәжірбиесі тақырыбында баяндамалар оқылды.
Одан кейін министрліктің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының басшысы полиция полковнигі Р.Бекішева «Подруги» дағдарыс орталығының директоры Н.Гладырь мен сарапшы-тренерлері А.Корнейчук және А.Ілясованы Алғыс хаттармен марапаттап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында бірлесіп атқарып жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі