ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТАБЫС ҚҰПИЯЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11 қарашада Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шамшидинова, білім-ғылым саласының әдіскерлері мен мамандарының қатысуымен «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - табысты мектепке қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
- 2016 жылы инновациялық мектептердің ағылшын тілі және информатика пәндері мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіруге 124 млн. теңге бөлініп, 500-ге жуық ұстаз арнайы оқудан өтті. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, мектептердің материалдық техникалық базасы да жаңаруда,- деді аймақ басшысы.
- Озат тәжірибені, заманауи оқыту әдістері мен технологияларын облыста тарату үшін педагогикалық шеберлік орталығының 30 жетекші мектебі, оның ішінде 22 инновациялық және бастауыш мектеп, оқу бағдарламаларының жаңа стандартын сынамалау жүргізілетін 2 пилоттық мектеп анықталды. Жетекші мектептерге 242 магниттік мектеп қосылды. Педагогикалық шеберлік орталығы ауылдық мектептерге әдістемелік керуен ұйымдастырды,- деді Күләш Шамшидинова.
Қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның оқыту процестерін негізге ала отырып, әлеуметтік маңызы бар жаңа жобаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті.