МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КОРПОРАЦИЯ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛУДЕ
Жалағаш ауданы бойынша биылғы жылдың он айында барлығы 24588 қызмет көрсетілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Калниязов мәлімдеді.
- Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталсақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Реестрі және бекітілген мемлекеттік органның ережесіне сәйкес барлығы 16 түрі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету қарастырылған, - деді М.Калниязов. – Айта кету керек, он айда барлығы көрсетілген 109 мемлекеттік қызметтердің 93-і мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.
Ал Шиелі ауданы ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Нұрлан Адыбаевтың хабарлауынша, ауылшаруашылық бөлімі 2016 жылы 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 742 қызмет көрсеткен. Осы қызметтердің ішіндегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» қызметі 100 пайыз «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілді.
Шынар БЕКБАН